Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарға "жалқаулық" үшін "ұрысып", адам жұмыстан бас тартқан жағдайда заңнаманы қатаңдатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарға "жалқаулық" үшін "ұрысып", адам жұмыстан бас тартқан жағдайда заңнаманы қатаңдатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілістегі Үкімет сағаты кезінде ведомство басшысы әлеуметтік төлемдер әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетінін және "егер азамат жұмыс істесе және жұмысынан айырылса, осы жағдайда ғана алты айға дейінгі мерзімге жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленетінін" еске салды.
Жақыпованың айтуынша, басқа азаматтарға мұндай жәрдемақылар төленбейді, "республикалық бюджеттен мұндай төлемдер жоқ".
"Адамдар субсидияланған жұмысқа немесе мемлекет ұсынатын басқа жұмыс орындарына бармайды. Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка ауылында 600 мың теңге жалақыға дәнекерлеуші қажет, алайда мұндай жұмысты қарастырғысы келмейтін азаматтар да бар. Еңбек құндылықтарын сіңіру отбасында басталуы керек. Қытайлық отбасыларға қарасақ, балалар екі ауысымда оқиды, тіпті мектепте ұйықтайды, сондықтан олар жас кезінен бастап жұмыс істеуге дағдыланған. Қазір адамдарға 300 мың теңге жалақымен жұмыс ұсынатын жағдайларды өзіміз көріп отырмыз, ал олар білімі де, дағдылары да жоқ, 800 мың талап етеді.
Жалпы, еңбек құндылықтары толығымен жоғалды деп айтуға болады. Мұны тек білім беру және идеологиялық әдістермен ғана емес, сонымен бірге заңнамалық тұрғыдан да реттеу қажет. Адам жұмыстан бас тартқан жағдайда заңнаманы қатаңдату қажет деп санаймыз", - деді Светлана Жақыпова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!