Министр қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр қазақстандықтарға үндеу жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өрт шығу қауіпі жоғары маусымның басталуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев өрт шығу қауіпі жоғары маусымның басталуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, былтыр ылғал көп болуына байланысты дала мен орманда шөптің қалың шығуы байқалды, бұл болса биыл өрт қаупін арттырып отыр.

"Былтыр өте ылғалды болды және бәріңіз байқаған боларсыз далада да, орманда да шөп биік шықты. Биыл ол қиындық туғызады – құрғақ шөп жанады. Әрине, бұл жерде сіздердің көмектеріңізсіз болмайды. Сондықтан сіздерге жүгінемін – дала өрттеріне бей-жай қарамаңыздар", – деді министр.

Ерлан Нысанбаев өрт ошақтарын байқасаңыз, дереу тиісті қызметтерге немесе ТЖМ-нің жедел желілеріне хабарлау қажет екенін баса айтты.

Министр әсіресе ауыл шаруашылығы жерлеріндегі өрттер мен Шығыс Қазақстан, Семей және Павлодар облыстарындағы орман алқаптарына бару кезінде туындайтын қауіптерге назар аударды.

"Сіздер орманға, табиғат аясына шығасыздар. Сол кезде от жағу мәселесінде өте мұқият болуды сұраймын. Көптеген өрттер адам факторынан болады. Иә, шамамен 70 пайыз өрт табиғи құбылыстардан, мысалы, найзағайдан туындайды, бірақ адам факторын да жоққа шығара алмаймыз. Үлкен өтініш – сақ болыңыздар", – деп қорытындылады министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети