Министр кеншілердің ереуілі "АрселорМиттал Теміртау" жұмысына қалай әсер еткенін айтып берді

20 Желтоқсан 2017, 11:36
0
Министр кеншілердің ереуілі "АрселорМиттал Теміртау" жұмысына қалай әсер еткенін айтып берді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "АрселорМиттал Теміртау" кеншілерінің жыл соңына дейін металл өндіру бойынша жоба көлемін орындап шығуға міндетті екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысынан тыс уақытта министрге Қарағанды облысындағы кеншілердің ереуілі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмысына қалай әсер еткені жайлы сұрақ қойылды.

"Ереуілдер "АрселорМиттал Теміртаудың" өндірістік көрсеткішіне еш әсер еткен жоқ. Біздің ойымызша, компаниядағылар жыл соңына дейін көмір табу мен металл өндіру бойынша жобаны аяқтау тиіс. Компания басшылығы осындай мәлімдеме жасады", - деді министр Қасымбек.

11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған болатын. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялап жатқан мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.

Ал 15 желтоқсанда Қарағанды облысында ереуілдеген барлық кеншінің шахталардан шыққаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, кейінірек ереуілдеген кеншілер мен "АрселлорМиттал Теміртау" басшылығының қандай келісімге келгені айтылған еді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай