Министр көлік тапшылығы туралы сұраққа жауап берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр көлік тапшылығы туралы сұраққа жауап берді Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы жаңа көліктердің бағасы мен тапшылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы жаңа көліктердің бағасы мен тапшылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында министрге Қазақстанда жасалған көліктер неге қымбат деген сұрақ қойылды.

"Мұнда әр модельді жеке-жеке қарап, сосын барып бағаны салыстыру керек. Қажет болса, мен өндірушілерден көлік құны неге қымбат екенін, оның іші неден тұратынын жеке-жеке сұраймын", - деп жауап берді Өскенбаев.

Сондай-ақ министрге автосалондардағы жаңа көліктердің тапшылығы жағдайында жеңілдетілген автонесие бағдарламасын іске қосудың орындылығы туралы сұрақ қойылды.

"Ақша болады, бірақ көлік болмайды, неге қандай да бір бөгет қоюға тырысасыздар?", – деді журналистер.

Қазақстандағы автомобильдердің жетіспеушілігі туралы мәселені көтерген дұрыс деді Қайырбек Өскенбаев.

"Қазір шынымен де, үш-төрт ай кезекте тұратындар бар. Бұл мәселе шын мәнінде, қиын болса тапсырма беремін. Жақында қазақстандықтар отандық машиналарды алуы үшін тиісті шаралар қабылдайтын боламыз", - деп толықтырды.

Сондай-ақ журналистер министрге автосалондар тұтынушыларды жаңа көліктерге қосымша құрал-жабдық алуға неге мәжбүрлейтінін сұрады.

Өскенбаев мұндай ақпаратты естімегенін айтты.

"Автосалондар ешкімді артық ешнәрсеге мәжбүрлей алмайды деп ойлаймын, бұл ерікті түрде болған жағдайлар шығар? Мен мұндай деректерді білмеймін, егер бар болса, айтыңызшы", - деп жауап берді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети