Министр көші-қон жағдайы туралы: Еңбек нарығына айтарлықтай әсері жоқ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр көші-қон жағдайы туралы: Еңбек нарығына айтарлықтай әсері жоқ видео кадры

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресейліктердің келуі қазақстандық еңбек нарығына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ресейліктердің келуі қазақстандық еңбек нарығына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, бұл жағдай белгілі, шекара қызметтерінен, Сыртқы істер министрлігінен, көші-қон қызметінен, Ішкі істер министрлігінен бастап тиісті қызметтер өз ақпаратын ұсынғаны туралы хабардарсыздар және тиісінше, күн сайын ақпарат алып жатырмыз, қанша еңбекке жарамды азамат елге келгенін қарастырып жатырмыз", - деді Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері Ресейден Қазақстанға 262 мыңға жуық адам келген. Оның ішінде 6518 адам жұмысқа.

"Бізде 8,7 миллион жұмыс істейтін азамат бар. Биыл 28 мың шетелдік жұмысшыға квота бердік, бүгінде 15 мыңға ғана рұқсат бердік. ЕурАзЭҚ елдері аумағында тұратын адамдар үшін квота жоқ, Қазақстан азаматтары ол жаққа барып, рұқсатсыз жұмыс істей алады және осы елдердің азаматтары бізге келіп, рұқсатсыз жұмыс істей алады", - деп нақтылады Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, пандемияға дейінгі кезеңде Қазақстанға Ресейден 24 816 адам келген, 2019 жылы 30 000, 2020 жылы 33 000, былтыр 32 000-ға жуық адам келген.

"Бүгінде бізде бар мәліметті ескерсек, еңбек нарығына айтарлықтай әсері жоқ. Бірақ өздеріңіз білесіздер, ЕурАзЭҚ шартында шектеу шаралары да қарастырылған - егер үлкен ағын болса, егер ол ұлттық қауіпсіздігімізге әсер ететін болса, бұл жағдайда, әрине, біз Еуразиялық шарт шеңберінде тиісті шектеу шараларын қабылдаймыз", - деп түйіндеді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети