Министр Қуантыров костюмінің бағасын атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Қуантыров костюмінің бағасын атады видео кадры

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға отандық өнімді сатып алуға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандықтарға отандық өнімді сатып алуға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр Қазақстан ешкімге тәуелді болмас үшін отандық өндірісті дамыту керек деген ұстанымда.

"Мұнда баланс болуға тиіс. Егер біз тек импорттық тауарды сатып алсақ, онда өзіміздің өндіріс дамымайды. Себебі, бізде жаңа жұмыс орындары ашылмайды. Содан кейін импорттық тауарлардың бағасы бірден өседі. Сондықтан бізге отандық өндірісті дамыту керек. Біз қазақстандық өнімді қолдаймыз.

Мысалы, мына костюмді көріп тұрсыз ба? Бұл – қазақстандық өнім. Ол 90 мың теңге тұрады. Сондықтан біз осындай салаларға қаржы құюымыз керек. Қымбат емес, бірақ қазақстандық өнімге. Ол міндетті түрде қымбат болмауға тиіс", - деді Әлібек Қуантыров Сенаттағы Үкімет сағатынан соң.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети