04 наурыз 2017 00:48

Министр мәлімдеме жасады: "Қазақ тілі", "Қазақ əдебиеті" мамандықтары ЖОО-дан алып тасталған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Сағадиев Ерлан Сағадиев

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тарап жүрген қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр кешкі уақытта желі қолданушыларына бейне жауап дайындады.


ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тарап жүрген қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр кешкі уақытта желі қолданушыларына бейне жауап дайындады.

"Құрметті ұстаздар, ата-аналар жəне оқушылар! Соңғы кезде сіздер Интернет желісінде ҚР БҒМ-нің мамандықтар классификаторындағы "Қазақ тілі", "Қазақ əдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика", "Шығыстану" сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, немесе ҚР БҒМ "Серпін" жобасының жұмысын тоқтатып, министр Сағадиев еліміздің ЖОО-да ежелгі қазақ тарихы кафедраларын жауып, осы пəннің жүргізілуін доғарғаны туралы ақпаратты кездестіруіңіз мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ мұндай хабарлардың шындығында неғұрлым көп қазақстандықтарды қисық жолға бағыттап, жалғанға сендіруді көздеген қитұрқы əрекеттер екендігін білген абзал. Аталған қауесеттерді жоққа шығарып, ақиқатты жеткізу мақсатында бүгін кешке ҚР білім жəне ғылым министрі Ерлан Сағадиев сіздерге арнап бейне жауап дайындады. Бұл бейнематериалда министр жоғарыда аталған мəселелерге қатысты қандай жағдай қалыптасқандығы жөнінде шынайы мəліметтер береді", - деген баспасөз қызметінің өкілдері Ерлан Сағадиевтің бейне жауабын жариялады.

Видеода Сағадиев бұл қауесеттердің жалған екенін мәлімдейді.

"Құрметті педагогтар, ата-аналар, оқушылар, біз сіздерді тек сенімді дерек көздерінен таратылатын ақпаратқа жүгінуге шақырамыз. Мұндай мəліметтерді ҚР БҒМ-нің желідегі ресми аккаунтына жазылып алуға болатындығын жеткізгіміз келеді", - дейді БҒМ баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети