02 маусым 2022 | 09:19

Министр мектепке әлеуметтік осал топтарға форма емес, ақша беруді ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz Көрнекі сурет: Tengrinews.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке әлеуметтік осал топтарға форма емес, ақша беруді ұсынды. Бұл туралы министр Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепке әлеуметтік осал топтарға форма емес, ақша беруді ұсынды. Бұл туралы министр Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, "Жалпыға міндетті білім беру" қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуге бастама жасалған. Аймағамбетов қандай өзгерістер болатынын түсіндіріп берді.

"Қазіргі күні "Жалпыға бірдей білім беру" қоры халықтың әлеуметтік осал топтарына киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдарымен қамтамасыз ету арқылы көмек көрсетеді. Енді бұл көмекті ақшаға айналдырып, ата-ананың шотына аудару ұсынылып отыр. Яғни ата-аналар балаларын мектепке дайындау үшін ең қажетті заттарды өздері сатып ала алады", - деп жазды министр.

Ол мұндай шешімді қолдағандар да, оған қарсы шыққандар да көп екенін айтты.

"Біз әлеуметтік қызметтер порталының іске қосылғанын бірнеше жыл күттік. Бұл жүйе арқылы қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауға болады. Сондай-ақ, ата-аналар осы маркетплейстен балаға қажетті заттарды ғана сатып алып, оны электрон ақшамен төлей алады. Одан бөлек, біз транзакцияларды бақылауда ұстай аламыз.

Алайда ісіне адал емес басшылардың мұқтаж жандарға өлшемі үлкен немесе кіші, одан қалса сапасы өте нашар киім-кешек сатып алғаны сияқты фактілер бар. Мұндай жағдайлар бізді әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылғанын күтпей-ақ, көмекті ақшаға айналдыруға міндеттейді", - дейді Аймағамбетов.

Бұл шешімге қарсы шыққандардың айтуынша, ата-аналардың кейбірі бөлінген қаражатты басқа қажеттіліктерге жұмсауы мүмкін.

"Бірақ қазіргі жүйе арқылы кейбір азаматтар алған киімдерін немесе басқа керек-жарақтарын қайта сатып, қаражатты басқа мақсаттарға жұмсауы мүмкін. Айтпақшы, "Жалпыға бірдей білім беру" қорының жұмысын ұйымдастыру және көмек көлемін белгілеу әкімдіктер құзырында және олардың есебіне қарай көмек мөлшері өзгеріп отырады (15 мыңнан 41 мың теңгеге дейін)", - деді министр.

Министр енді ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес көмек мөлшерін белгілеу ұсынылып отырғанын айтты.

"Жалпыға міндетті білім беру" қоры аясында отбасы АӘК алатын балалар, егер отбасы АӘК алмаса, бірақ жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған отбасынан шыққан балалар және әр мектепте алқалы органның шешімі бойынша айқындалатын басқа да санаттар материалдық көмек алады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети