Министр мемлекеттік қызметкерлерді балаларына бару үшін жұмыстан ертерек жіберуді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр мемлекеттік қызметкерлерді балаларына бару үшін жұмыстан ертерек жіберуді ұсынды © eva.ru

БҒМ басшысы мемлекеттік қызметкерлерді балаларына бару үшін жұмыстан ерте босатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ерлан Сағадиев үкімет отырысы кезінде ата-аналардың балалары үшін жауапкершілігі төмендегенін айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҒМ басшысы мемлекеттік қызметкерлерді балаларына бару үшін жұмыстан ерте босатуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ерлан Сағадиев үкімет отырысы кезінде ата-аналардың балалары үшін жауапкершілігі төмендегенін айтты.

"Ата-аналар үнемі жұмыста болатындықтан олардың балаларын тәрбиелеуге уақыты қалмайды. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлер де көп. Қазіргі кезде ата-аналар жиналысына келетіндер саны 10-15 пайызды ғана құрайды. Біздің есебіміз бойынша, 11 жылда ата-аналардың 50 пайызы мектепке келмеген", - деді білім және ғылым министрі мәліметтер келтіре отырып.  

"Бала тәрбиесіндегі және  біздің ең салмақты әрі нәтижелі ресурсымыздың мәселелерін шешуде ата-аналардың қатысуы бүгінде өте сирек. Мен Еңбек кодексін қаттырақ ұстану керек деп ойлаймын, ата-аналар үйіне ертерек барып, олардың тәрбиесімен айналысып, бақылап жүре алуы үшін. Мұны мемлекеттік органдардан бастағанымыз абзал болады", -  деп айта кетті министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети