ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету және хоспистер жүйесін дамытуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету және хоспистер жүйесін дамытуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрлан Ермекбаев VII Азаматтық форумның ұсынымдарын орындау шеңберінде мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасауы түрлі салаларда кең ауқымды мәселелерді қамтитынын атап өтті.
"Бұл ретте, біз халықты алаңдататын өзекті мәселелерге мониторинг жүргізіп отырамыз және бізге түрлі өтініштер келіп түседі. Тұрғындардың көпшілігі үкіметтік емес ұйымдарды паллиативтік көмек көрсету және хоспистер жүйесінің дамытуға белсенді қатысуы жөнінде тілек білдіреді. Бұл бірінші кезекте онкологиялық науқастарға, қарт адамдарға қатысты көмек", - деді Нұрлан Ермекбаев кезекті отырыс кезінде.
Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда уәкілетті мемлекеттік орган елімізде тиісті жұмыстарды жүргізеді, атап айтқанда паллиативтік медициналық көмек көрсетуді дамыту бойынша қысқа мерзімді жол картасын әзірлеген. Бұл орайда, министр мемлекеттік органдарды паллиативтік көмек көрсету, өңірлердегі хоспистер жұмысын дамыту үшін үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалануға назар аудартты.
Айта кетейік, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесіне қатысушылар VII Азаматтық форумының ұсынымдарын жүзеге асыру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы белсенділігін талқылаған болатын.