23 қыркүйек 2019 | 16:04

Министр өңірлердің жылыту маусымына дайындығы туралы есеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлердің жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңірлердің жылыту маусымына дайындығы туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жергілікті атқарушы органдар 10 623 дербес қазандықты жөндеуді жоспарлаған, оның ішінде 10 606 қазандық немесе 99,8 пайыз дайындалды. Жөндеу жұмыстары Маңғыстау облысында - 94,2 пайыз, Қызылорда облысында - 99,2 пайыз, Шымкент қаласында - 99,3 пайыз жалғасуда. Қалған өңірлерде дербес қазандықтардың толық дайындығы қамтамасыз етілген. Жылу желілерін дайындауға қатысты, жоспарланған 4 990 км жылу желілерінен ағымдағы кезеңде 4 943 км жылу желілері немесе 99,1 пайыз жөнделді. Жылу желілерін жөндеу бойынша төменгі дайындық Нұр-Сұлтан қаласында - 73,6пайыз, Маңғыстау облысында - 91,7 пайыз, Атырау облысында - 96,8 пайыз", - деді Бейбіт Атамқұлов. 

Сумен жабдықтау желілерін дайындауға қатысты, 15 116 км сумен жабдықтау желілерін жөндеу жоспарланған, іс жүзінде 14 917 км немесе 98,7 пайыз жөнделді. Сумен жабдықтау желілерін жөндеу бойынша  Нұр-Сұлтан қаласында - 71,6 пайыз, Ақтөбе облысында - 83,8 пайыз, Түркістан облысында - 89,9 пайыз, Шымкент қаласында - 90,5 пайыз әзірлік төмен. 

Білім беру нысандарын дайындау бойынша ағымдағы кезеңге 10 967 білім беру объектісі дайындалды немесе жоспардағыдан 99,6 пайыз орындалды. Барлық білім беру объектілерін 1 қыркүйекке дейін дайындау жоспарланған болатын. Алайда, дайын емес объектілер үш өңірде қалды: Нұр-Сұлтан қаласында дайындық - 97,7 пайыз, Батыс Қазақстан облысында - 99,5 пайыз, Атырау облысында - 99,5 пайыз. 

Денсаулық сақтау объектілерін дайындауға қатысты, 5 936 объектіні дайындау жоспарланған, соның ішінде 5 921 объекті немесе 99,7 пайыз дайындалды. Қалған өңірлерге қарағанда дайындығы төмен Атырау облысында - 95,2 пайыз, Ақтөбе облысында - 98,9 пайыз, Батыс Қазақстан облысында - 99 пайыз байқалады. 46 809 тұрғын үй жөндеуге жоспарланған, іс жүзінде 45 908 тұрғын үй немесе 98,1 пайыз дайындалды. Тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындау бойынша Батыс Қазақстан облысында (84,5 пайыз), Түркістан облысында (94,9 пайыз), Шымкент қаласында (90,7 пайыз) жұмыс қарқыны төмен.

2017 жылдан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көп пәтерлі тұрғын үйлерде, білім беру, әлеуметтік сала объектілерінде белгіленген құрылыс нормалары және ережелерін (ҚНжЕ) бұза отырып орналастырылған дербес қазандықтарды шығаруға мониторинг жүргізеді. Жалпы құрылыс нормалары және ережелері бұзушылықпен орнатылған 769 дербес қазандық анықталды, оның ішінде 39-ы - көппәтерлі тұрғын үйлерде, 730-ы - білім беру, әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерінде. Оларды шығару жергілікті бюджет немесе басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

2019 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша 419 бірлік ДЖЖ немесе жоспардан 54,5 пайызы шығарылды. Шығарудың төмен қарқыны Қостанай облысы - 13 пайыз, Ақмола облысы - 36 пайыз және Қарағанды облысында - 51пайыз.

"Көмір өндіруші компаниялармен 75,1 млн тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 97,2 пайызды құрайды. Еліміздің ішкі нарығына осы кезеңде 51,5 млн тонна көмір жөнелтілді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 39,6 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4пайызға аз. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға 4,8 миллион тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,2пайызға аз. Коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке және халыққа 7,1 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылдың кезеңімен салыстырғанда - 92,8 пайыз. Көмір экспорты 19,8 млн тоннаны құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 100,4 пайыз", - деді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі. 

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 11,4 млрд теңгені құрайды. Ең көп дебиторлық берешек Алматы қаласында- 2,6 млрд теңге, Нұр-Сұлтан қаласы - 1,7 млрд теңге, Маңғыстау облысында - 1,5 млрд теңге, Шымкент қаласында - 1,3 млрд теңге көлемінде сақталып отыр. Сондай-ақ 2018 жылмен салыстырғанда Алматы қаласында берешектің 533 млн теңгеге өсуі байқалады. Бұл ретте 2018 жылмен салыстырғанда қарыздардың төмендеуі Шымкент қаласында 1,1 млрд теңгеге және Нұр-Сұлтан қаласында 568 млн теңгеге жетті. 

Дебиторлық берешек бойынша ең төмен көрсеткіштер Алматы облысында  байқалады - 5 млн теңге. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети