Министр отандық қант өндірісіне қатысты мәселе қалай шешілетінін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр отандық қант өндірісіне қатысты мәселе қалай шешілетінін айтты Фото: elements.envato.com

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда отандық қант өндірісіне қатысты мәселелерді шешу қалай жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда отандық қант өндірісіне қатысты мәселелерді шешу қалай жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қанттың жылдық тұтынуы шамамен 532 мың тонна, оның 7 пайызы отандық шикізаттан. Бұған шағын өндіріс, суаруға қажетті судың тапшылығы және қант қызылшасын өсірудегі қол еңбегі, қант зауыттарының құнсыздануы, ресейлік өндірушілердің бағаға қатысты демпингі себеп болып отыр", - деді Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Ол сумен қамтамасыз ету, егіс алқаптарын 14,5 мың гектардан 38 мың гектарға дейін кеңейту, техникалық жарақтандыру, сондай-ақ саланы инфрақұрылымдық дамыта отырып, қант зауытын жаңғырту және салу жөніндегі жобаларды іске қосу есебінен жалпы өнім жинауды 332 мыңнан 1,8 миллион тоннаға дейін ұлғайту күтіліп отырғанын айтты.

"Қант өндірісін 7 есеге 254 мың тоннаға дейін ұлғайту, қант импортын 32 пайызға төмендету күтіледі, бұл ішкі нарықтың отандық өндірістегі қантпен қамтамасыз етілуін 7-ден 43 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді", - деді министр.

Оның айтуынша, мұндай нәтижелерге қолжеткізу үшін 5-6 жылға субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер беру арқылы мемлекеттік қолдау қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети