Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеке жалға беру қорын құру бастамасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеке жалға беру қорын құру бастамасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қазақстанда жеке жалға беру қорын құруды ұсынған болатын. Оның айтуынша, жеке жалдау қорларына инвестиция салатын адамдар тұрақты табыс ала алар еді.
"Қазір жалға беру қоры бар - адамдар баспана алады, бір пәтер, екі, үш, содан кейін олар жалға алушыларды іздейді. Қарым-қатынас барлық жағдайда құқықтық салада жасала бермейді, шарттарға келіседі. Сосын жалға алушылардан кейін үй иесінде проблемалар пайда болады - оны қайтадан жөндеу керек. Бұл тұтас цикл.
Ал біздің айтатынымыз: ыңғайлы жағдай жасайық. Тұрғындар ақша салып, пәтер сатып алып, жалға бере алатындай жеке жалға беру қорын құрайық. Оның ішінде мемлекет те жалға берілетін тұрғын үйлерді пайдаланады. Бұл жылжымайтын мүліктен түсетін тұрақты табыс және оған бәрі: журналистер де, мұғалімдер де, мемлекеттік қызметкерлер де қатыса алады. Ал қорды басқару ай сайын немесе тоқсан сайын қосымша табыспен қамтамасыз етер еді", - деді министр журналистер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, мұндай қор пәтер иелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жалға алушыларды іздеу сияқты "бас ауруынан арылуға" көмектеседі.
"Мұны басқалар жасайды. Сіздің ақшаңыз 100 пайыз жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген. Біз пайда шамамен тоғыз пайыз болады деп есептедік. Бұл тартымды ұсыныс па, жоқ па - көреміз. Егер инвестиция болса, онда тартымды. Егер болмаса, онда жүйе жұмыс істемейді. Бұл идея аясында, әлі ешқайда айтылмаған", - деді Өскенбаев.
Министр бұл идея әлі мемлекеттік органдармен келісілмегенін атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!