Министр пияз бағасына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда пияз бағасының өсуіне қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда пияз бағасының өсуіне қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте журналистер министрге ірі азық-түлік желілеріндегі пияз бағасының күрт көтерілуіне қатысты сауал қойды.

"Бұл қысқа мерзімді өсімге байланысты дүрбелең. Біз пияз нарығындағы соңғы айда қалыптасқан жағдайды білеміз", - деп жауап берді Қарашүкеев.

Ол өткен жылы 1,5 миллион тонна пияз өндірілгенін, оның 1 миллион 100 мыңы тек Жамбыл облысында өндірілгенін айтты.

"Кейін пияз экспорттаушы Пәкістандағы табиғи құбылыстардың салдарынан (су тасқыны, ауа райының аяқастынан суытуы) пияз жеткізу көлемі азайды. Сонымен қатар көршіміз Өзбекстанда пиязға сұраныс артты. Осы жағдайларды ескере отырып, біз пияз экспортына уақытша шектеу қойдық", - деді министр.

Министрдің айтуынша, пияз бағасы бақылауда.

"Бүгінде Жамбыл облысында 100 мың тонна пияз қоры бар. Бұл келесі егіс маусымына дейін жеткілікті. Қазір көтерме баға 150 теңгеден 230 теңге арасында ауытқуда. Бұл құбылыс логистикамен байланысты. Жақын арада мәселе реттеледі. Елімізде пияз бар. Статистикаға сүйенсек, ақпанның басында, Астанада пияздың келісі 190 - 210 теңге болды", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro