Министр Қаскелеңнің адамшошырлық жағдайдағы ауруханасын жабуды тапсырды

Tengrinews.kz фотоколлажы

Денсаулы? са?тау министрі Елжан Біртанов адамшошырлы? жа?дайда?ы ?аскеле?ні? ж??палы аурулар ауруханасын жабу?а тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов адамшошырлық жағдайдағы Қаскелеңнің жұқпалы аурулар ауруханасын жабуға тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қаскелеңнің жұқпалы аурулар ауруханасы бойынша: жай-күйі өте нашар. Сондықтан жабуға тапсырма бердім, үкімет басшысына мәлімдеп отырамын, осы мекемені жабуды және оның қызметін Қаскелеңнің орталық аудандық ауруханасына беруді қарастыру үшін", - дейді Біртанов. 

Реклама
Реклама

"Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында болған кезде аналармен тілдестім. Олар жедел жәрдемді 40 минут тосқанына шағымданды. Ол жерде аудан басшысы да болды. Тапсырма бердім және бас дәрігер қызметін қаншалықты жақсы атқаратынына байланысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылуын сұраймын", - деді министр. 

Мұның алдында Алматы облысының тұрғыны Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасының жай-күйінің адамшошырлық жағдайда екенін мәлімдеген. Ядигора Кечиджидің сөзінше, клиниканың жағдайы адам айтқысыз жағдайда. Сөзіне дәлел ретінде ол аурухананың ішін суретке түсірген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама