Министр Қасымов Есентаеваның оқиғасына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Қасымов Есентаеваның оқиғасына қатысты пікір білдірді © Thewomen.kz

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы есеп беру кездесуінде Баян Есентаеваға қатысты істің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы есеп беру кездесуінде Баян Есентаеваға қатысты істің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот күдіктіні екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, біз істі кісі өлтіруге оқталу бабына қайта өзгерттік. Қалғанын сотта білесіздер", - деді Қасымов.

Ол Баян Есентаеваның ауруханадағы суретінің әлеуметтік желілерде таралып кетуіне қатысты сұраққа да жауап берді. "Қазір тексеріс жүріп жатыр. Бұл жақсы әрекет емес, соңына дейін тексереміз", - деді ол.

Еске салайық, белгілі продюсер Баян Есентаева Талғар аудандық орталық ауруханасына 10 маусым күні жеткізілген болатын. Болжам бойынша, оның күйеуі - Бақытбек Есентаев Еңбекші ауданындағы Құлжа тас жолының бойында оны соққыға жығып, пышақ жарақатын алған. Ер адам Талғар аудандық ІІБ-ге жеткізілді. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети