Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook желісінде Ratel.kz және Forbes.kz порталдарына қатысты жағдайға пікір білдірді.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook желісінде Ratel.kz және Forbes.kz порталдарына қатысты жағдайға пікір білдірді.
"Өздеріңіз білетіндей, тергеу кәсіпкер Зейнолла Кәкімжановтың жалған ақпарат тарату туралы арызы бойынша басталған еді. Бұған арызданушының шағымын сот бірнеше мәрте қанағаттандырғаны себеп. Бүгінде "Forbes" сайты жұмысын жалғастырып отыр. Менің білуімше, тергеу шаралары бұл БАҚ-тың бір ғана қызметкеріне қатысты. Ұсталғандардың бірде-біреуіне қатысты процестік шара қабылданбаса да, бұл журналистік ортада кең талқыланып жатыр. Осыған байланысты масс медиа өкілдерінің алаңдауын түсінеміз.
Бірнеше тәуліктің ішінде біздің министрлік құқық қорғау органдарымен байланыс орнатқан. ҚР АКМ азаматтық меморган әрі тергеу шараларына араласуға құқығы жоқ. Алайда осы істегі тараптардың бітімшісі болу мәселелерін қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ, ақпарат және коммуникациялар министрлігі тергеудің ашық әрі әділ болуына күш саламыз", - деп жазды министр 3 сәуірде кешкі уақытта.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. © Tengrinews.kz
Еске салайық, 2 сәуірде полиция қызметкерлері Forbes Қазақстан және Ratel.kz интернет-басылымдарының редакциясында тінту шараларын жүргізген еді. Сонымен қатар, осы БАҚ журналистерінің, нақтырақ айтсақ, Forbes.kz бас редакторының орынбасары Александр Воротиловтың, Ratel.kz бас редакторы Марат Асиповтың, оның орынбасары Сапа Мекебаев пен шолушы Анна Калашникованың ұсталғаны анықталған.