Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ресейліктерді жұмыспен қамту мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол жұмысшыларды жалдауда қазақстандықтарға басымдық берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ресейліктерді жұмыспен қамту мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол жұмысшыларды жалдауда қазақстандықтарға басымдық берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бірінші кезекте Үкіметтің міндеті - Қазақстан азаматтарына қамқорлық жасау, ұлттық мүдделерді қорғау және әрине, жұмысқа алу кезінде Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Ал шетел азаматтары қазақстандықтардың сұранысына ие емес орындарды алады, маусымдық, құрылыс секторындағы және т.б.
Қылмысқа келетін болсақ, ІІМ мұны қадағалайды деп ойлаймын. Көріп отырғанымыздай, келіп жатқан шетелдік азаматтардың білім деңгейі жоғары болуы керек", - деді Қуантыров Мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Министр кейбір ресейліктер қазір кадр тапшылығы бар салаларға орналаса алатынын атап өтті.
"Айтишниктерге келетін болсақ, бірқатар маманның деңгейі өте жоғары. Біз биыл наурыздан бастап Беларусь, Украина, Ресейден келген айтишниктер легін көрдік. Сондықтан бұл тренд, негізінен, жалғасып жатыр және IT саласындағы бәсекелестікке оң әсер етеді.
Дәрігерлерге келетін болсақ, менің түсінуім бойынша, онда дәрігерлер жетіспеген. Дәрігерлер білікті, менің ойымша, артық болмайды. Керісінше, бұл денсаулық сақтау саласына жақсы", - деді Қуантыров.
Ол Қазақстанда шетелдік жұмыс күшіне квоталар болғанына қарамастан, бұл ЕАЭО елдерінің азаматтарына таралмайтынын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!