Министр Сағадиевтің жаңа кеңесшісі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Сағадиевтің жаңа кеңесшісі тағайындалды © ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі қызметіне ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шерді шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі заман талаптарына сай балалардың құқықтарын қорғау саласында қыруар жұмыстар атқару қажет. Азаматтық сектор белсенді дамып, бірқатар сұрақтың шешілуіне ат салысып жатыр. Мемлекеттік және азаматтық сектор арасында тиімді байланыс орнату керек", - деді білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Министр жаңа кеңесшінің келуімен балалардың құқықтарын қорғау саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіледі деп сенім білдірді. Өз кезегінде Шер көрсетілген сенім үшін министрге алғыс білдіріп, жұмысқа дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Раиса Шер 2009-2014 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети