Министр Сәтқалиев "Газпром" мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Сәтқалиев "Газпром" мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді Фото ©РИА Новости/Виталий Тимкив

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ресейлік "Газпром" компаниясының Қазақстанға экспортталатын газ бағасы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ресейлік "Газпром" компаниясының Қазақстанға экспортталатын газ бағасы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап берген ведомство басшысы елдер арасындағы достық қарым-қатынас негізінде баға әділетті болады деп сендірді.

"Жалпы, мен өз жағдайымды нақтылағым келді. Өздеріңіз білесіздер, кез келген экспорттық өнім бағасы өзіндік құн, елдер аумағы арқылы тасымалдау, өндірушілер негізгі өзіндік құнға салатын кірістен тұрады.

Газ бағасын "Газпром" корпорациясы мен Ресей үкіметі белгілейтінін түсінеміз. Баға белгілеу Қазақстанмен де, Беларусь Республикасымен де достық қарым-қатынастар негізінде әділ болатынына сенімдіміз. Біздің елдер арасындағы стратегиялық әріптестік факторлар, оның ішінде экономикалық параметрлер де ескеріледі", - деп түсіндірді Сәтқалиев.

Еске салайық, 19 сәуірде Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанға ресейлік газ бағасы Беларуське қарағанда "әлдеқайда төмен" және "еуропалық бағадан бірнеше есе төмен" болатынын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети