Министр Саясат Нұрбек ғылым саласына қанша қаржы бөлінетінін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық ғылымды қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін соманы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық ғылымды қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін соманы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келер үш жылда ғылымды қаржыландыруға, гранттық қаржыландыруға, бағдарламалық-нысаналы, тікелей гранттарға 650 миллиард теңге бөлінді. Мұндай қаржыландыру 30 жыл ішінде әлі болмаған, қазір 1,5 миллиард долларды ғылымға тікелей бағыттадық", - деді Саясат Нұрбек Астанада өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі II конференцияның ашылуында.

Шенеуніктің айтуынша, іргелі зерттеулерді қолдау үшін 9 миллиардқа жуық қаражат бөлінеді.

"Іргелі ғылымды ұмытпаймыз. Іргелі зерттеумен айналысатын 11 ҒЗИ-да кеңес заманынан қалған заңбұзушылықтар бар. Біздің міндетіміз - оларды сақтап қалып, кеңейтіп, қаржыландыру тапшылығынсыз жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Олар үш жылға тікелей бюджеттен қаржыландырылып, ғылыми жоспарға ауыстырылды, енді институт тыныш жұмыс істейді", - деп атап өтті министр.

Саясат Нұрбектің айтуынша, министрлік ғылыми саланы қаржыландыруды ЖІӨ-нің 1 пайызына дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

"Қаржыландыру ЖІӨ пайызымен есептеледі. 1991 жылы 0,84 пайыз, 2021 жылы 0,12 пайыз, 2022 жылы 0,13 пайыз болған еді. Биыл ғана 0,25 пайызға көтердік. Барлық күш-жігерді жинап, 2027-2028 жылдарға дейін 1 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан ақша ғылымға бағытталады. Үкіметтен жүйелі қолдау бар. Біз мұның басымдық екенін түсінеміз", - деді министр.

Сондай-ақ, шенеунік бизнеске елеулі жеңілдіктер беретін ғылым және технологиялық саясат туралы жаңа заңның дайындалып жатқанын айтты.

"Бұл заңды қыркүйек-қазанда көпшілік алдында таныстырамыз. Парламентте талқылаудан өтіп, келер жылдың бірінші жартысында қабылдауды жоспарлап отырмыз. Онда жеке бизнестің ғылыми күн тәртібіне қатысуын ынталандыру бойынша мүмкіндіктер көзделеді. 150 пайызға салық жеңілдіктер болады. Бизнес жүйелі түрде ғылымды қажет етуі үшін. Бұл механизмді жүйелі түрде жасағымыз келеді. Қазір біз Қаржы министрлігі және Салық комитетімен Салық, Кәсіпкерлік, Бюджет кодекстерінде бизнестің қатысуы міндетті болуын байыпты талқылап жатырмыз", - деді Саясат Нұрбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro