Министр Шудағы пойыз апатының себебіне қатысты пікір айтты

18 Маусым 2018, 17:46
3
Министр Шудағы пойыз апатының себебіне қатысты пікір айтты -

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанадан Алматыға бара жатқан пойыз вагондарының теміржолдан шығып кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Оқиға орнында комиссия жұмыс жүргізіп жатыр, тергеу жалғасуда. Таңнан бері тәжірибе өтіп жатыр. Түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр, соқтығысу болған-мыс дегені де. Бүгінгі тәжірибе мұндай нұсқаны алдын ала жойды. Яғни барлық нұсқа қаралуда. Бүгін визуалдық түсірілім аяқталып, состав түсірілімдері басталды", - дейді министр "Отандық тауарөндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі" форумынан кейін. 

Ол оқиға болған аумақта пойыз жүрісі қалпына келтірілгенін атап өтті. 

"Ол жерде екі бағыттық жол, бірімен тасымал жүргізіліп жатыр. Кестеден қалып жатқан жоқ. Ал жолдарды жөндеу жұмыстары бүгін басталады. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ресми түрде барлық материалды береміз", - дейді Қасымбек. 

Сонымен қатар, ол арнайы комиссияның пойыз машинисінің әрекеті қаншалықты дұрыс болғанын тексеріп жатқанын айтады. 

"Барлық теміржол составына жөндеуаралық және өзге де шаралар жүргізіледі. Бұл талаптар өте қатаң орындалады. егер пойыз теміржолға қойылса, техникалық тұрғыда дұрыс болған", - дейді Қасымбек, пойыздың жағдайы туралы сұраққа жауап беріп. 

Еске салайық, 17 маусым Жамбыл облысында № 9 Астана мен алматы арасында қатынайтын "Бәйтерек" пойызы Шу станциясы маңында теміржолдан шығып кеткен. Оқиға салдарынан 11 адам зардап шегіп, 12 жастағы бала мерт болды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай