01 маусым 2022 13:55

Министр Шымкенттегі жарылыс себептері туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Шымкент ТЖД

Мамандар Шымкенттегі ауруханааралық дәріхана қасақана жарылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мамандар Шымкенттегі ауруханааралық дәріхана қасақана жарылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Онда дәрілік заттарды өндіруге көп мөлшерде химиялық заттар сақталған. Қалай болғанда да, сутегі асқын тотығы, нұсқалардың бірі ретінде себеп болуы мүмкін.

Тағы бір нұсқа - жедел-іздестіру шаралары барысында күзет компаниясы қозғалыс болғанын тіркеген. Нысандағы датчиктер іске қосылған. Басқа нұсқа да қарастырылып жатыр, қасақана жасалуы мүмкін", - деді Ильин Үкімет отырысынан кейін кулуарда журналистер сұрағына жауап беріп.

Реклама
Реклама

Еске салайық, жарылыс Шымкенттегі перзентхана маңында болды. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Оның өртеніп кеткен мәйіті табылды. Кейін дүниеге келгеніне 18 күн болған сәби қайтыс болғаны хабарланды.

ТЖ орнынан кадрлар жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram