21 мамыр 2022 17:35

Шымкенттегі жарылыс: бір нәресте қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Шымкент ТЖД Фото: Шымкент ТЖД

Шымкентте болған жарылыстан кейін сәби қайтыс болды. Ресми мәліметтер бойынша, сегіз адам зардап шеккен. Бұл туралы Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте болған жарылыстан кейін сәби қайтыс болды. Ресми мәліметтер бойынша, сегіз адам зардап шеккен. Бұл туралы Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарылыс кезінде перзентханада 189 пациент және 65 қызметкер болған. Дүниеге келгеніне 18 күн болған сәби қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мерт болған бала - үшемнің бірі.

"1 нәресте, салмағы 790 грамм, 18 күн өмір сүрді. 8 адам жарақат алып, Шымкенттің ОКА, №1 ҚА, №2 ҚБ медициналық мекемелеріне жатқызылды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бүгін сағат 12:6-да Шымкенттегі Г. Иляев көшесінде жарылыс болды. Перзентхана күзетшісі қаза тапты. Оның өртеніп кеткен мәйіті табылды. Оқиға орнына Шымкент ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Жарылыс болған жерге қала әкімі Мұрат Әйтенов те келді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети