Министр Шудағы пойыз апатының негізгі себебін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Шудағы пойыз апатының негізгі себебін атады Куәгерлер жолдаған сурет

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Жамбыл облысындағы пойыз апатына қатысты тергеуге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Жамбыл облысындағы пойыз апатына қатысты тергеуге пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден пойыз апатының нақты себебі анықталды ма, жоқ па - соны сұрап білді.

"Пойыздың қарсы жолақта келе жатқан пойызбен соғысқаны жайлы нұсқа бүгінде жоққа шығарылды. Басты себеп - жолдың жағдайы. Жолдың сапасы себеп болып отыр. Соңғы рет көктемде жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейінгі жолдың сапасы себеп болып тұр", - деді Жеңіс Қасымбек

"Сонда кім кінәлі?", - деп сұрады журналистер министрден.

"Мен сіздерге 20-рет айтып тұрмын, кімнің кінәлі екенін комиссия шешеді", - деді Қасымбек.

"Күннің ыстық болуына байланысты рельстер кеңейіп кетуі мүмкін деген нұсқа бар", - деп тағы сұрады БАҚ өкілдері мигнистрден.

"Бұл физика, ауа температурасы өзгеруіне байланысты осындай жағдайлар болады. Мұндай жағдайларды бақылауы тиіс арнайы қызметтер бар", - деп қорытындылады сөзін Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық,17 маусымда сағат шамамен 14.00-де Жамбыл облысындағы Отар мен Шу станцияларының арасында төтенше жағдай болған еді. Мұның алдында үш вагонның рельстен шығып кеткені хабарланған болатын.

Кейінірек қаза болған жасөспірім мен зардап шеккендердің тізімі жарияланған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети