Министр Тұрғымбаев ҚАЖК төрағасын тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Тұрғымбаев ҚАЖК төрағасын тағайындады Дархан Қанатбеков. © mediaovd.kz

Дархан Қанатбеков Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жаңа төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрдің кеңесшісі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дархан Қанатбеков Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жаңа төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрдің кеңесшісі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы болып полковник Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы тағайындалды. Министр Тұрғымбаев жаңа ҚАЖК төрағасын жеке құрамға таныстырды", - деді Нұрділдә Ораз. 

Азамат Базылбеков комитет басшысы қызметінен босатылды. 

Қанатбеков қылмыстық-атқару жүйесі органдарында 2001 жылдың қазанынан бастап қызмет етеді, жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде басшылық лауазымдарда да болған. 

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бөлім басшысыы, бастықтың орынбасары, мекеме бастығы, бастықтың орынбасары, бастығы болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Кездесу барысында Ерлан Тұрғымбаев Комитет қызметкерлеріне Ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту жөніндегі негізгі іс-шаралар туралы мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети