Министр Ұлттық киім күні туралы идеяға қолдау білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Светлана Фурман ©Светлана Фурман

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ұлттық киім күні туралы идеяға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін еріктілер тобы Ұлттық киім күнін жылдың жылы мерзімінде тойлауды ұсынған болатын. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ұлттық киім күні туралы идеяға қолдау білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған дейін еріктілер тобы Ұлттық киім күнін жылдың жылы мерзімінде тойлауды ұсынған болатын. 

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақтың ұлттық киімі күнін ғана емес, елде тұрып жатқан барлық ұлттың киімі күнін енгізуді ұсынды. Министрлік басшысының пікірінше, бірінші кезекте Наурыз мейрамын бұдан да кең көлемде тойлап, оны балаларға арнау керек - ал ұлттық киімге келсек, Мұхамедиұлы ұлттық киімді Наурыз мейрамын тойлау күндері кию керек деп есептейді. Оның айтуынша, адамдарға ұлттық киімді күштеп кигізбеу керек, яғни Президенттің Жарлығы арқылы немесе үкіметтің қаулысы арқылы күштеп кигізу дұрыс емес.  

"Бізде Наурыз мейрамын тойлау бойынша концепция жасалды. Адамдар киіз үйге барып, тамақ ішіп қана қоймау керек (...) Бірінші кезекте, бұл мейрам балаларға арналуы тиіс. Біз Жаңа жылда не істейміз? Бәріміз балаларға сыйлық әпереміз, шырша әрлейміз (...) Меніңше, Наурызды балалардың мейрамы етпесек, оны сақтап қалу қиын. Ұлттық киімді киюге ұялатындай жағдайға жеттік", - дейді министр. - Наурыз күні әрбір қазақстандық көшеге ұлттық киіммен шықса. Міндетті түрде сәукеле мен үлкен шапан кию емес, жәй ғана элементтерімен кисе (...). Қазақтар өз киімімен, орыстар өз киімдерімен, қалған халықтар да өз ұлттық киімдерін кисе. Бұл арқылы мейрамға сән береміз. Бұл күн күнтізбеде Президенттің Жарлығымен немесе үкіметтің қаулысымен пайда болмауы керек, қоғамдық бастама болуы керек", - деді ол.

Еске салайық, Қазақстанда Ұлттық киім күнін белгілеуді тарихшы, жазушы, Ұлы дала мәдениетінің насихаттаушысы Арман Нұрмұханбетов ұсынған еді. Нұрмұханбетов бұл күні қазақтың дәстүрлі киімін немесе оның заманауи үлгілерін киюді ұсынып отыр. Еріктілер мұның өте әдемі болатынына және патриоттық сезімді оятатынына сенімді. Сонымен қатар, идея авторы бұл бастаманың отандық жеңіл өнеркәсіп пен туризмнің дамуына үлес қосатынын айтады. Нұрмұханбетовтың айтуынша, қазақтың ұлттық киімі күнін жұмыс күніне белгілеу керек - мәселен, сәуірге, мамырға немесе қыркүйекке.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro