Министр "Урал" мотоцикл өндірісін Қазақстанға көшіру туралы айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр "Урал" мотоцикл өндірісін Қазақстанға көшіру туралы айтты Фото:facebook.com/UralMotorcycles

Ресейлік Ural Motorcycles компаниясы мотоцикл өндірісін Қазақстанға көшірмекші, "ҚазТехМаш" машина жасау зауытымен лизингтік келісімге қол қойды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік Ural Motorcycles компаниясы мотоцикл өндірісін Қазақстанға көшірмекші, "ҚазТехМаш" машина жасау зауытымен лизингтік келісімге қол қойды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскенбаев Қазақстан халқына азаматтардың "жобаға және олардың бизнесті дамытудағы мүмкіндіктеріне сенгені үшін" алғыс айтты.

"Бізде ашуға дайын барлық кәсіпорындарды қолдаймыз, өйткені бұл - жұмыс орындары, бұл - салық салынатын база, бұл - құзыреттілік. Ural зауыты "ҚазТехМаш" компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр, тіпті олар, менің ойымша, алаңды жалға алу шартын жасасты. Біз осындай кәсіпорындарды қолдаймыз, бізде мұндай кәсіпорындар өте көп", - деді министр.

Оның айтуынша, Үкімет Қазақстанда ашылуды жоспарлаған отандық және басқа елдермен бірлескен жобаларға қолдау көрсетеді. Ресейге қарсы санкцияларға жауап берген министр, ол елде санкция салынған кәсіпорындар бізде де жұмыс істемейді деді.

"Батыс елдері белгілеген тізімге бұл компания енген жоқ. Егер бұл компания қандай да бір себептермен орналасқан жерін өзгертіп, бізде ашылуды қаласа неге біз қарсы болуымыз керек?

Министрлік біздің мемлекет белгілеген қағидаттарды берік ұстанады, сондықтан бұл жерде ашылмауы керек кәсіпорындар болмайды, ашылмайды. Болуға құқығы бар кәсіпорындар ашылады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети