1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Министр зейнетақы мен жәрдемақының қашаннан бастап өсетінін хабарлады

© Диапазон © Диапазон

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министр Тамара Дүйсенова зейнетақы мен жәрдемақылардың қашаннан бастап өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазір біз 1 қаңтардан бастап 9 пайызға өсіріп жатырмыз. 1 шілдеден тағы 11 пайызға өседі, жалпы жыл бойынша 20 пайыз болады. Жаңа туған сәби үшін берілетін жәрдемақылар 1 қаңтардан 7 пайызға, ал 1 шілдеден 13 пайызға өседі. Жалпы 20 болады. Мұнда мәселе еңбек зейнетақысы жайлы. Базалық зейнетақы бойынша, өздеріңіз білесіздер, біз 2018 жылдың 1 шілдесінен базалық зейнетақы тағайындау механизмін өзгертіп жатырмыз, ол ең төменгі күнкөріс шегі мен еңбек өтіліне байланысты болады", - деді Тамара Дүйсенова үкімет отырысының үзілісінде.

Министр төлемдерге 90 миллиард теңге жұмсалатынын айтты. "Бізде 2 миллион адам зейнеткер және шамамен 300-400 мың бала бар", - деді министр Дүйсенова.

Еске салайық, 15 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев зейнетақы мен бала босанған кезде берілетін жәрдемақыны өсіруді тапсырған болатын.