Министр жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін төмендету туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін төмендету туралы пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін төмендету туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін төмендету туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің ойымша біз белгілеген айыппұл мөлшерлері тура қойылған. Біз кейбір айыппұлдардың мөлшерін көбейттік, себебі әлемдік тәжірибиеге сай ол ереже бұзушылықтар жол апатына алып келіп жатады. Мен сіздерге айтайын соңғы тәжірибиеде айыппұлдардың көбеюіне байланысты жол ережесін бұзу азайғанын көруге болады. Біз айыппұл мөлшерін көбейткен жерлерде ереже бұзушылық аз: қарсы бетпен жүру, жылдамдықты асыру. Сондықтан да айыппұл мөлшерін төмендетуге еш негіз көріп тұрғаным жоқ", - деді министр. 

Сонымен қатар басқа да айыппұлдардың мөлшерін төмендетуді қарастыратынын айтты. 

"Ал басқаларын біз қарастырып көрейік. Мысалы рұқсат етілмеген жерде тұраққа қою, сызықты кесу, яғни бұларды қарастырып көруге болады. Бірақ жол апатының орын алуына себеп болатын ереже бұзушылықтар өзгертуге негіз жоқ деп ойлаймын", - деді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети