Министрдің кеңесшісі "эгоист" жүргізушіге: Братан, че, сенен басқа адамдар жоқ па?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрдің кеңесшісі "эгоист" жүргізушіге: Братан, че, сенен басқа адамдар жоқ па?

Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғар Facebook желісінде Астанадағы теміржол вокзалында қозғалысты тоқтатып тастаған автожүргізушіні видеоға түсіріп алды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі Тәңірберген Бердоңғар Facebook желісінде Астанадағы теміржол вокзалында қозғалысты тоқтатып тастаған автожүргізушіні видеоға түсіріп алды.

Жас жүргізуші автомобилін көліктер өте алатын жалғыз жолда қалдырып кеткен.

"Ер адам көлігін тастай салып, біреуді қарсы алуға жүгіріп кетті. Оның артында 20 шақты көлік тұрып қалған шығар. Бұл нағыз эгоизм", - дейді ролик авторы. 

Келесі күні министрдің кеңесшісі жүргізушінің жеке парақшасына шығып, видеоны өшіруді талап еткенін айтты.

"Өз кезегімде мен оны жол қозғалысы ережесін бұзбауды өтініп, кешірім сұрау керек екенін айттым. Бірақ ол бұған қарсы болды", - деді экс-депутат. 

Осыған байланысты Бердоңғар Желі қолданушыларына шымкенттіктер туралы стереотиппен ойламауды сұрады. "Иә, жігіт Шымкенттен, бірақ тәрбие көрмеген адамдар әр өңірде де бар. Қоғамның міндеті жастардың әдебіне бей-жай қарамау. Осылай ғана. Бұл біздің Отан, осында өмір сүреміз! Бей-жай қалмағандарыңыз үшін рақмет", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети