Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко кейбір экологтардың зымыран ұшыру ауа райына әсер етеді деген пікірлеріне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко кейбір экологтардың зымыран ұшыру ауа райына әсер етеді деген пікірлеріне түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Кезінде бір Мәжіліс депутаты болған, ол осы мәселе төңірегінде ылғи жағдайды ұшықтырып отыратын. Менің айтарым, әзірше ешкім де ғылыми түрде ғарыш кемелерін ұшырудың ауа райы мен экологияға қандай да бір әсерін негіздеген жоқ. Дегенмен, кейде зымыран ұшырылғанда, жаңбыр жауып, күн суытып, әйтеуір бірдеңе болатындай (...) Атмосфералық процесстер – бұл өте күрделі табиғи құбылыстар, біздің "Қазгидромет" жұмыс жасауда, қашан да бір құбылысты екіншісімен байланыстыру өте қиын", - деді ТЖ жөніндегі министр Владимир Божко ОКҚ брифингінде Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.
"Мен зымырандар ұшыру мен экология өзгерісін байланыстыратын бірде-бір ғылыми зерттеуді оқыған емеспін. Тек бір жағдайда өзгеріс бар. Ол – егер гептил төгілсе немесе қандай да бір аудандар ластанса, ал олар тазартылмаса, онда, әрине. Ал зымырандар ұшыру ауа-райына әсер етеді дегенді, мен естіген емеспін", - деп қосты министр.