02 қазан 2023 10:07

Министрге құрмет пе? ТЖМ мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында қызметкерлерден ақша жиналды деген айыптауға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында қызметкерлерден ақша жиналды деген айыптауға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зуялхан Гасановтың Түркістан облысының құтқарушыларынан төтенше жағдайлар министріне ақша жинау туралы мәлімдемесіне қатысты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру болып табылады", - делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, бұған дейін Гасанов Зуялхан (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған.

"Айта кету керек, бұл азамат қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкері болып табылмайды, өйткені биыл мамырда теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады. Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір факт бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізіледі", - делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, ведомство өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараны жүзеге асыратыны және анықталған әрбір факт бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты.

"ТЖМ-нің барлық жеке құрамына, атап айтқанда Түркістан облысының ТЖ департаментіне хабарлаймыз. Біздің министрліктің барлық қызметкерлері үшін WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмірі + 7 747 651 75 88 жұмыс істейді, жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелермен жүгінуге болады. Өтініштің құпиялылығы сақталады", - делінген хабарламада.

"Бұл туралы маған ТЖМ майоры Зуялхан Гасанов айтты. Офицерлер құрамынан 50 мың теңге, қатардағылардан 20 мың теңге. Кез келген министр тағайындала салысымен барлық өңірлер белгіленеді ме?", – деп жазды журналист Ботагөз Омарова әлеуметтік желіде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети