ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2024 | 11:47
Министрлер қайтадан тұрғын үйді жалға бере алады
Қазақстан үкіметінің мүшелері қайтадан тұрғын үйді жалға беріп, одан табыс ала алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға тиісті түзету енгізілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан үкіметінің мүшелері қайтадан тұрғын үйді жалға беріп, одан табыс ала алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға тиісті түзету енгізілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Мәжіліс депутаттары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын қарады.
Заң жобасы мынадай түзетулерді көздейді:
- үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі тұрғын үйді жалға беруге және одан табыс алуға тыйым салатын норма алып тасталады;
- уақытша мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысуға тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтау бөлігінде қазіргі мемлекеттік қызметшілермен теңестіріледі;
- пайдаланылуы кіріс алуға әкеп соғатын мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеген жағдайда мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге мемлекеттік қызметті тоқтату шарттары нақтыланған.
Бұдан басқа, құжат мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметпен айналысуға тыйым салуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын лауазымды адамдардың шеңберін нақтылайды.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауға дауыс берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также