Министрлер қайтадан тұрғын үйді жалға бере алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстан үкіметінің мүшелері қайтадан тұрғын үйді жалға беріп, одан табыс ала алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға тиісті түзету енгізілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан үкіметінің мүшелері қайтадан тұрғын үйді жалға беріп, одан табыс ала алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға тиісті түзету енгізілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Мәжіліс депутаттары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын қарады.

Заң жобасы мынадай түзетулерді көздейді:

  • үкімет мүшелеріне өздеріне тиесілі тұрғын үйді жалға беруге және одан табыс алуға тыйым салатын норма алып тасталады;
  • уақытша мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысуға тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтау бөлігінде қазіргі мемлекеттік қызметшілермен теңестіріледі;
  • пайдаланылуы кіріс алуға әкеп соғатын мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеген жағдайда мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге мемлекеттік қызметті тоқтату шарттары нақтыланған.

Бұдан басқа, құжат мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметпен айналысуға тыйым салуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын лауазымды адамдардың шеңберін нақтылайды.

Мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауға дауыс берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer