14 шілде 2021 | 13:53

"Министрлерге жұқтыруы мүмкін еді". Адвокат Біртанов неге санавиациямен ұшқанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TENGRINEWS / Тұрар Қазанғапов © TENGRINEWS / Тұрар Қазанғапов

2020 жылдың жазында коронавирус анықталған Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов премьер-министр мен үкіметтің басқа мүшелеріне вирус жұқтырмау үшін жеке санавиация бортымен ұшқан. Бұл туралы сотта оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

2020 жылдың жазында коронавирус анықталған Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов премьер-министр мен үкіметтің басқа мүшелеріне вирус жұқтырмау үшін жеке санавиация бортымен ұшқан. Бұл туралы сотта оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елжан Біртанов 2020 жылдың маусымында санавиация бортын заңсыз пайдаланып, Тараздан Нұр-Сұлтанға ұшты деген күдікке ілінген. Біртановтың өкілінің айтуынша, экс-министр осы кезеңде Жамбыл облысына барған жұмыс тобының құрамында болған. Оны премьер-министр Асқар Мамин басқарды.

"Бұл сапардың мақсаттарының бірі Қордай ауданына барып, биологиялық қауіпсіздік ҒЗИ жұмысымен, зауыт пен өзге де медициналық мекемелердің құрылыс барысымен танысу болды. Белгіленген регламентке сәйкес жұмыс тобы осы өңірге сапары аясында Нұр-Сұлтаннан және кері қарай авиациялық көлікпен ұшуы керек болды. Ашық ақпарат көздерінен осы сапар барысында Біртанов COVID-19 вирусын жұқтырғаны белгілі болды. Бұл диагнозды 2020 жылдың 13 маусымында Президент Іс Басқармасының медициналық орталығы растады", - деді адвокат Бейсекеев.

Ол Біртанов тексерістен кейін Нұр-Сұлтанның модульдік инфекциялық орталығына жатқызылғанын хабарлады. Бейсекеевтің айтуынша, бұл жерде экс-министрдің жағдайы нашарлап, ауруы екіжақты пневмонияға дейін асқынды. Денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты Біртанов Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық кардиологиялық орталығына жатқызылды, онда 2020 жылдың 23 маусымына дейін емделді. 

"Өкінішке қарай, тергеу органдары бұл жағдайға және басқасына бастапқыдан тиісті баға бермегенін атап өтейін. Біртановтың жұмыс тобының мүшелерімен бірге Нұр-Сұлтанға оралуға құқығы болмады, өйткені оларға вирус жұқтыру қаупі жоғары болды, яғни премьер-министр мен министрлер кабинеті мүшелеріне. Қазақстан Президенті премьер-министрге және денсаулық сақтау министріне COVID-19 вирусының таралуын болдырмау жөніндегі штабқа басшылық жасауды, ел бойынша жарияланған ТЖ кезеңінде халықты қолдауға бағытталған шұғыл шаралар қабылдауды жүктегендіктен, премьер-министрдің сол күрделі кезеңде COVID-19 жұқтыруы бүкіл министрлер кабинетінің жұмысы үшін елеулі және, мүмкін, орны толмас салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін түсінесіз деп үміттенемін.

Жолаушыларға вирус жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан Біртанов Нұр-Сұлтанға өзге көлік құралымен орала алмады. Үкімет мүшесі ретінде жұмысына оралмауға құқығы болмады. Осылайша, Біртановты Тараздан Нұр-Сұлтанға санавиациямен тасымалдау елдегі қалыптасқан ТЖ-ға байланысты мәжбүрлі шара болды", - деді Нұрлан Бейсекеев.

Сондай-ақ, санавиациямен тасымалдау жөнінде Біртановтың өзі де ойын айтты. Оның айтуынша, айыптау актісінде "тергеуші экс-министрде коронавирус мүлдем жоқ деген пікір айтады".

"Тергеуші менде вирустық этиологияның жоғары ықтималдығы бар түсініксіз этиологияның екі жақты пневмониясы болғанын жазған. Бұл құжатта жазылып тұрған бірінші жалған ақпарат емес. Жамбыл облысына келгенде менде шынымен коронавирусқа ұқсас белгілер пайда болғанын айтқым келеді. Бұл бас ауруы, дене қызуының көтерілуі және басқалары. Мен негізгі делегациядан бөлек кетіп, премьер-министрге ескерттім, қонақүйге барып тест тапсырдым.

Бірінші тест оң, бірақ күмәнді болды. Бұл туралы маған санитария қызметі басшысы хабарлады. Сондықтан мен қайтадан тест тапсырып, оның нәтижесін Республикалық санитариялық зертхананың қарауын өтіндім. (...) Бұл жағдайда менің қолымда күмәнді нәтижелер тұрды: "жоқ" деп не "иә" деуге келмейді. Бірақ ауру белгілері болды", - деді Біртанов.

Денсаулық сақтау министрлігнің бұрынғы басшысы тест нәтижесін басшысына хабарлағанын айтты.

"Осыдан кейін мен шынымен санавиациямен келдім, әуежайда тест тапсырып, жұмысқа бардым, кеңседе жұмысымды жалғастырдым. Мен өзімді нашар сезінгендіктен, Президент Іс Басқармасының медициналық орталығынан дәрігерлер бригадасын шақырдым. Бұл кешкі сағат 18.30 шамасында. Олар менен қайта тест алып, дәрі жазып берді. Өкінішке қарай, сол кезде COVID-19 белгілері болды, бірақ ол растау жоқ еді. Келесі күні таңертең тест нәтижелері оң болып, мені ауруханаға алып кетті", - деді Елжан Біртанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети