Министрлік "Болашақ" бағдарламасына енгізілген жаңашылдықтар туралы мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік "Болашақ" бағдарламасына енгізілген жаңашылдықтар туралы мәлімдеді Иллюстрациялық сурет: dvinatoday.ru

Алдағы бес жылда "Болашақ" бағдарламасына қатысушылар үшін талаптар күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы бес жылда "Болашақ" бағдарламасына қатысушылар үшін талаптар күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

2025 жылға қарай ағылшын тіліне талаптардың күшеюіне байланысты шәкіртақы аясындағы қазір бар барлық жеңілдік алып тасталады. 

"Уақыт өткен сайын білімге талап күшейіп келеді. Алдағы бес жылда "Болашақ" бағдарламасының нәтижелілігі үшін бірқатар шаралар ұсынамыз. Іріктеуге қатысу үшін онлайн-тес тапсыру енгізу жоспарланып отыр. Үміткерлер таңдауды сапалы ету үшін магистратураға түсетіндердің ағылшын деңгейі 6,0 IELTS және жоғары ету - квоталық санат бойынша", - дейді білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов үкімет үйіндегі баспасөз мәслихаты кезінде. 

Сонымен қатар, шәкіртақы алатын үміткерлерді таңдау процедурасына да өзгертулер енгізілді. Бүгінде бұл конкурс алты турдан тұрады. 

Ешенқұловтың сөзінше, қазіргі кезде жеңілдігі бар категориядағылар үшін ағылшын тілін білу талабы жоғарлаған: IELTS 3-тен 5-5,5 балға дейін. Сонымен қатар, мәдениет және БАҚ қызметкерлері сияқты жеңілдігі бар жаңа категориялар қосылды. 

Магистратураға өз бетінше түскендер үшін GPA деңгейі 3,3-тен 3-ке дейін төмендетілді. Сонымен қатар, тілдік курстардан Қазақстан мен шетелде қатысу кезіндегі тілді меңгеруді бақылау механизмі енгізілді. 

Тағылымдамадан өтетін қызметкерлерге жаңа категориялар енгізілді. Ол ғылыми, "Астана" халықаралық қаржы орталығының және ақпараттық қауіпсіздің саласының қызметкерлері. 

"Аймақтық дисбаланысты азайту және кдарлық ротацияны қамтамассыз ету үшін еңбекпен өтеуге дифференцияланған әдіс қолданылады. Еңбекпен өтеуді үш жылға дейін қысқартуға болады, стипендиант өңірге жұмыс істеуге барса, ал аймақтық деңгейдегі білім беру мекемесіне барса, екі жылға дейін", - дейді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети