Министрлік Қазақстан сарбаздарының Украинаға баратыны жайлы қауесетті жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік Қазақстан сарбаздарының Украинаға баратыны жайлы қауесетті жоққа шығарды Қазақстан әскерилері. ©facebook.com/МО РК

ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскерилердің Украинаға жіберілгелі жатқаны туралы қауесетке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook-тегі парағына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Қорғаныс министрлігі қазақстандық әскерилердің Украинаға жіберілгелі жатқаны туралы қауесетке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook-тегі парағына сілтеме жасап.

Facebook-тің кейбір қолданушылары Қазақстан Қарулы күштердің жекелеген әскери бөлімдерін Украина аумағына жіберуге дайындап жатыр деген ақпарат таратқан. Бірақ Қорғаныс министрлігі мұны арандатушылық деп есептейді. "Аталған хабарлама шындыққа жанаспайды. Қазіргі халықаралық ахуал жағдайында мұндай қауесеттерді тарату арандатушылық деп саналады. ҚР Қылмыстық кодексі көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату әрекетіне жауапкершілік қарастырады", - дейді министрлік өкілдері.

Айта кетейік, мұндай қауесеттерді Қорғаныс министрлігі ғана емес, еліміздің сыртқы саясат ведомствосы да жоққа шығарып отыр. Бұған дейін СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов Украинадағы қақтығыстарға Қазақстан азаматтарының қатысып жатпағанын мәлімдеген еді. Одан бірнеше күн бұрын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мұндай қауесеттерді украин бұқаралық ақпарат құралдары таратуы мүмкін деген топшылау жасады. Еске салайық, маусым айында Украинаның оңтүстік-шығысына гуманитарлық жүк апармақ болған қазақстандықтар төңірегінде дау туған еді - олар халық көтерілісшілеріне қолдау көрсетті деп айыпталды.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети