Министрлік Қазақстанда жезөкшелікпен айналысатындарға қатысты жазаның неліктен енгізілмегенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік Қазақстанда жезөкшелікпен айналысатындарға қатысты жазаның неліктен енгізілмегенін түсіндірді © pg13.ru

ІІМ өкілдері Қазақстанда жезөкшелікпен айналысатындарға қатысты жазаның енгізілмеуін халықаралық заңнама нормаларымен түсіндірді. Ведомство өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында халықаралық бірде-бір конвенцияда жезөкшелікпен айналысқандарды қудалау бойынша норманың жоқ болуына байланысты біздің елде заңға өзгерістер енгізу барысында интим қызметін ұсынуға қатысты әкімшілік жауапкершілікті енгізудің мақұлданбағанын хабарлады.

Осыдан қазіргі таңда Қазақстанда жезөкшелікке қатысты жазаның жоқтығы белгілі болып отыр. ІІМ өкілдері әкімшілік жауапкершілікті енгізу туралы мәселенің "Қазақстан Республикасының адам саудасына қарсы іс қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңында қарастырылғанын түсіндірді. 

Сонымен қатар, заң жобасы бойынша ғылыми антикоррупциялық сараптаманың өткізілгені хабарланып отыр. Бұл сараптаманың қорытындысында қазіргі ұлттық заңнамада кәмелетке толған азаматтардың екіжақты келісімі бойынша сексуалдық байланысқа түсуіне тыйым салатын ереженің жоқтығы анықталған. Алайда, ІІМ өкілдерінің айтуынша, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде жезөкшелікпен айналысуға арналған үй-жай ұсынуға және жеңгетайлықпен айналысуға жауапкершілік қарастырылған, ал Қылмыстық кодексте жезөкшелікпен айналысуға тартуға қатысты жауапкершілік қарастырылған.

Еске салайық, осыған дейін адвокат Жангелді Сүлейменов Қазақстанда сексуалдық мәндегі қызметті ұсынатындар мен жүзеге асыратындарға айыппұл салуды енгізуді ұсынған болатын. Ол жезөкшелерге айыппұл салу туралы баптың Қазақ КСР кезінде және Қазақстанда 1987-2001 жылдар аралығында ғана болғанын еске салды. "Жезөкшелер тиісті өтініш жазып, жеке кәсіпкерлік аша алады", - деді Сүлейменов. Ол осыдан кейін жезөкшелерге арынан басқа ештеңенің кедергі болмайтынын, қазақстандық қоғамдық бизнес-ұйымдардың мүшесі болып, тіпті "кәсібін" дамыту үшін мемлекеттен көмек ала алатындарын алға тартты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети