Министрлік 25 ЖОО-ның 60 лицензиясын қайтарып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министрлік 25 ЖОО-ның 60 лицензиясын қайтарып алды © Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрлігі 25 жоғары оқу орнының 60 лицензиясын қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 жоғары оқу орнының кадрларды дайындау бағыттары бойынша лицензияларға 60 қосымшасын қайтарып алды. Олардың басым бөлігі Комитеттің тексерісінен кейін қайтарылды.

Негізінен бұл ЖОО-лар "Педагогикалық ғылымдар", "Өнер", "Гуманитарлық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары", "Техника ғылымдары", "Қызмет көрсету" және "Әлеуметтік жұмыс", "Әлеуметтік ғылымдар" бағыттары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырды", - делінген хабарламада.

Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ЖОО-лардың нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны анықталды. Олқылықтарға негізінен талапкерлерді қабылдау, профессор-оқытушылар құрамның (ПОҚ) біліктілігін арттыру, профессор-оқытушылар құрамын конкурс арқылы алмастыру, профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау, білім алушыларды қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін есепке алу және т.б. бойынша жол берілгені айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети