42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы 15 шілдеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
42 500 теңгеге өтінім қабылдау басталғаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы 15 шілдеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.
"Біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдау жоспарланып отыр. Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Министрлік тұрғындардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден алуды сұрады. "Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз", - деді ведомстводағылар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!