Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр селосындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр селосындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақмола облысыШортанды ауданы Бозайғыр селосында 2017 жылғы 15 мен 21 сәуір аралығында тұрғындар арасында жіті ішек инфекциясына күдікті 46 жағдайдың тіркелгенін хабарлайды. Осыған байланысты 3 науқас (14 жасқа дейінгі балалар) ауруханаға жатқызылды, қалғандарына аурудың жеңіл өтуіне байланысты амбулаторлық емделу ұсынылды", - делінген министрліктің түсінігінде.
Сондай-ақ, ауру алдын ала орталықтандырылған су құбырынан алынатын ауыз суды пайдаланумен байланыстырылып отырғаны айтылады. Тұрғындардың айтуынша, 12 және 13 сәуірде су органолептикалық көрсеткіштері бойынша сәйкес келмеген (судың түсінің өзгеруі байқалған).
Министрліктің мәліметінше, Бозайғыр селосында 2740 адам тұрады, сумен жабдықтау орталықтандырылған, жерасты ұңғымадан алынады. Жерасты суы деңгейінің көтерілуі салдарынан қарау құдықтары және сорғы ұңғымасы суға толған, бұл ауыз судың болжалды ластануына алып келген.
Бозайғыр селосы. © ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты
Министрлік өкілдерінің айтуынша, қалыптасқан жағдайды жою мақсатында орталықтандырылған сумен жабдықтауын тоқтату, жоспардан тыс жуу және су құбыры желісіне дезинфекция жүргізу, селоға су әкелуді ұйымдастыру бойынша шаралар жүргізілген.
Сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдай тұрақтандырылғанға дейін балабақшаның қызметі тоқтатылған. Ұйымдастырылған ұжымға науқас балаларды жібермеу мақсатында мектепте күнделікті қарап-тексеру жүргізіледі. Педагогтар балалардың болмау себептерін анықтай отырып, оларды есепке алуды жолға қойылды, ыстық тамақтандырутоқтатылды, құрғақ тамақтану және бөтелкедегі суды пайдалану ұсынылыпты.
"Науқастарды және қарым-қатынаста болған адамдарға дизентерия фагымен фагтау жүргізілуде. Аудан әкімдігі жанында Үйлестіру және Медициналық кеңестер өткізілді. Аудан әкімінің орынбасары, аудандық білім беру бөлімінің басшысы, ОАА бас дәрігерімен, "Шортанды Су Арнасы" коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп жұмыс кеңесі өткізілді. Аула аралау, инфекция ошақтарында медициналық бақылау ұйымдастырылды. Тұрғындар арасында санитариялық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды, парақшалар таратылды. Жоспардан тыс бала бақша, мектеп, колледжге тексеру жүргізілді. Объектілерден және сутарату желісінен санитариялық-химиялық, бактериологиялық және вирусологиялық зерттеуге су сынамалары іріктеп алынды, 77 қарым-қатынаста болған адам тексерілді", - делінген хабарламада.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.