Білім және ғылым министрлігі Ақтөбеде 13 жастағы оқушының өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасай отырып.
Білім және ғылым министрлігі Ақтөбеде 13 жастағы оқушының өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасай отырып.
"Балалар өліміне қатысты барлық деректі білеміз, бұл - үлкен трагедия. Бұл бағыттағы жұмысты тек біздің министрлік қана жүргізіп отырған жоқ. Жұмыстар жүргізіліп жатыр, қорытындысы хабарланады", - деп мәлімдеді білім вице-министрі Шолпан Каринова.
Мектеп психологы бұл жағдайдың алдын алып, моральдық жағдайын бағалай ала ма деген сұраққа шенеунік нақты жағдайларды шешу керек деп жауап берді.
"Психолог бұл деректерді көруі де, көрмеуі де мүмкін. Себебі білім беру ұйымдарында суицид болған емес, әрқашан үйде болады. Сондықтан бұл жерде мазасыздық пен депрессиялық күй туралы білуі керек, ең алдымен ата-ана білуі керек. Егер маңызды жайтты байқаса, ата-ана мұғалімдермен бірге тиісті мамандарға жүгінуі керек. Мен ата-аналарды бірлесіп жұмыс істеуге, бірінші кезекте өз балаларымен сөйлесуге, уақыт өткізуге және мектеп пен психологқа белгі беруге шақырамын", - деді вице-министр.
"Астана" және "КТК" телеарналарының хабарлауынша, қайғылы оқиға 17 қазанда кешке Ақтөбенің 11-шағын ауданында болған. Қыз 20-қабаттағы кіреберістің балконынан секіріп, оқиға орнында қайтыс болған.
Диананың ата-анасы әлі өздеріне келе алмаған. Әкесінің айтуынша, қызы көңілді болған, өнер мектебіне барып, гитарада ойнауды үйренген. Сол күні досымен бірге киноға барған. Бірақ кейінірек ата-анасына қызы биік ғимараттан құлап, қайтыс болғаны туралы хабар келген.
Жетінші сынып оқушысының құлаған кезі көрші ғимараттың бақылау камерасына түсірілген. Полиция мен жедел жәрдем келгенде, ол қайтыс болған.
"Оның досы, сыныптасы осы үйде тұрады. Алдымен ол бізге укулелеге баратын қызбен бірге баратынын айтты. Бірақ киноға басқа қызбен барған, неге екені түсініксіз", - деді марқұмның әкесі Ерболат Қожақов.
Бір нұсқа бойынша, танымал Among Us интернет-ойыны мектеп оқушысын осындай қадамға итермелеуі мүмкін. Әлеуметтік желіде қолданушылардың бірі Диана бір жыл бойы онлайн-квест тапсырмаларын орындады деп жазды, ал жақында біртүрлі бассыз пішіндерді сала бастаған.
Алайда туыстары да, мұғалімдері де бұған сенбейді. Сынып жетекшісі қайғылы оқиғадан аз уақыт бұрын бүкіл сынып карантинге жіберілгенін айтты. 18 қазанда олар сабаққа оралуы керек еді. Осы уақыт ішінде мұғалім әрдайым оқушылармен байланыста болды, бірақ Диананың мінез-құлқындағы алаңдатарлық өзгерістерді байқамаған.
"Мен ешқандай өзгерісті байқамадым, ол ашық, жауапты еді, бәрімен дос болды. Балалар да ештеңе түсінбеді. Барлығы ол туралы өте жақсы пікірде, барлығы оны жақсы көреді", - деді сынып жетекшісі Бақытгүл Алғалиева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!