Министрлік әр балаға жәрдемақы төленеді деген хабарламаны жоққа шығарды

30 Қараша, 14:03
0
Министрлік әр балаға жәрдемақы төленеді деген хабарламаны жоққа шығарды -

Әр түрлі мессенджерлерде 2020 жылғы қаңтардан бастап әр балаға әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы және Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын төмендету туралы таралған ақпарат жалған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта Парламентте 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуді көздейтін Заң жобасы қаралып жатыр. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде тағайындалады: 4 балаға - 42 496 теңге; 5 балаға - 53127 теңге; 6 балаға - 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға - 74 388 теңге.

"Жаңа жәрдемақыны тағайындау 2020 жылы өтініш берілген күннен бастап жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау процесінің мерзімі шектелмеген, яғни көпбалалы отбасының жәрдемақыға құқығы 2020 жылдың ортасында пайда болса, ол балалардың бар екенін және бірге тұру фактісін растайтын құжаттармен және тиісті өтінішпен ХҚКО-ға жүгінеді. Егер бұл деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы расталса, көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта көпбалалы отбасы ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылатын отбасыларға, тиісінше ол 2018 жылға дейін тағайындалған отбасылар, өтініш беруші мен оның бірге тұратын балалары ақпараттық жүйелерде расталған жағдайда, жаңа жәрдемақыға көшу автоматты түрде ХҚКО-ға өтініш жасамай жүзеге асырылады. Осы санаттағы отбасының бесінші және одан да көп балалары туған кезде жәрдемақы мөлшерін өзгерту құқығы сақталады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың басқа түрлерін тағайындау жоспарланып отырған жоқ.   

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай