Министрлік әр жүкті әйелге 425 мың теңгеден беру туралы ұсынысты түсіндірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kivahan.ru © kivahan.ru

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жүктілігінің 12-аптасына дейін есепке тұрған қазақстандық әр әйелге 425 мың теңгеден беруді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жүктілігінің 12-аптасына дейін есепке тұрған қазақстандық әр әйелге 425 мың теңгеден беруді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осындай бастама бар. 10 минимал жалақы мөлшерінде - 425 мың теңге беруді ұсынамыз. Бірақ бұл әзірше тек ұсыныс түрінде. Әлі басқа да мемлекеттік органдармен талқыланады, мемлекеттік бюджеттің осы ұсынысқа қаншалықты дайын екені талқыланады", - деді Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағамбет.

Бұл идеяны Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары ұсынған. Олардың айтуынша, бұл әйелдердің болашақ балаларының денсаулығына деген жауапкершілігін арттырады.

"Жауапкершілік жайында айтатын болсақ, біз оларды не жазалауымыз керек, не мадақтауымыз керек. Біз мадақтауды ұсынамыз, бірақ егер әйел жүктілігінің 12-аптасына дейін есепке тұрса. Онда әйел мен бала толықтай бақылауға алынады.  Бұл халықаралық тәжірибе. Бүкіл әлем осылай жұмыс істеп жатыр", - деді Халықаралық ғылыми онкологиялық орталық төрағасының орынбасары Гүлнар Құлқаева.

Министрліктегілер болашақ аналардың барлығына олардың қаржы жағдайына қарамастан, осы соманы беруді ұсынып отыр. 

Депутаттар да министрліктің ұсынысына қолдау білдіріп жатыр. "Ұсынысты қолдаймын. (...) Жүкті әйелдердің барлығына төлемақы керек", - деді Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro