ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандық мектептердегі әр сыныпта Wi-Fi орнату бойынша жобаны бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандық мектептердегі әр сыныпта Wi-Fi орнату бойынша жобаны бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде интернет мектептердің басым бөлігіне келіп отыр, "Цифрлық Қазақстан" аясында біз осы мәселені шешуді жоспарлап отырмыз. Алайда әр сыныпта Wi-Fi ішкі желісін орнату да маңызды мәселе. Біз Қазақстан мектептеріндегі құрылымдық кабель жүйесімен қысқа мерзімде қамтамасыз ету бойынша ірі жобаны жоспарлап отырмыз. Бұл жұмысты орындауда тәжірибе аясында студенттерді тартамыз деген үмітіміз бар, бірақ құрылғыларды жергілікті атқару органдары сатып алуы керек, бұл қымбат емес", - деп хабарлады үкімет отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Сонымен қатар, орта мектептерде оқушылардың жеке шкафы, ауылдағы мектептерде фильтрлер, фонтандар мен диспенсерлер болады,
"Мектеп оқушыларын сапалы сумен қамтамасыз етуге арналған 2017 жылға арналған бюджет тапсырысы нақтылау үшін бюджетке ұсынылды", - деді министр.