Министрлік әскерге шақырылған түлектердің видеосына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Қорғаныс министрлігі колледждерде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Онда оқу бітірген түлектерді әскери комиссариат қызметкерлері оқу орнынан "ұстап әкетуге" келгені айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрлігі колледждерде түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді. Онда оқу бітірген түлектерді әскери комиссариат қызметкерлері оқу орнынан "ұстап әкетуге" келгені айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.

"Кеше Қазақстанда техникалық колледжде диплом қорғау кезінде студенттерді әскери комиссариат қызметкерлері алып кетпек болған. Видеода түлектер терезеден қашып шығып жатыр. Біздегі мәлімет бойынша студенттердің бәрі сәтті қашып үлгерген", - делінген жазба сипаттамасында.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның 30-бабына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергілікті әскери басқару органына шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматқа жергiлiктi әскери басқару органдарының лауазымды адамдары жеке не жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшысы қол қою арқылы тапсырады.

Мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды іріктеу бірнеше кезеңмен жүргізіледі, ол бірнеше күнді алады, оның барысында олар медициналық комиссиядан, психологиялық іріктеуден және әскер өкілдерімен әңгімелесуден өтеді.

"Сондықтан азаматтарды жаппай немесе кенеттен әскери қызметке жіберу мүмкін емес, өйткені әскерлерді жасақтау міндетті шаралардың тұтас кешені саналады", - деді ведомство өкілі.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, "аспиранттар арасында алдын ала оқу орнының басшылығымен келісілген түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау үшін медициналық комиссияға шақыру қағаздары тапсырылады".

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 35-бабы 3-тармағына сәйкес, мерзімді әскери қызметшілерге оқу мерзіміне оқуын жалғастыру үшін кейінге қалдыру қарастырылған. Осылайша, азаматтар оқуды аяқтап, емтихандарын тапсырғаннан кейін, әскерге шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылды. Бұл ретте, әскери қызмет – мемлекетіміздің ұлттық егемендігін сақтаудың негізі, ал жастарды тәрбиелеу және Отан қорғауға дайындау тек мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, ең алдымен, ең маңызды міндет екенін ұғынған жөн", - деп толықтырды Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Жыл сайын әскер қатарына 35 мыңға жуық әскер шақырылады. Заңда әскерге шақырудан жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer