19 тамыз 2020 | 13:06

Министрлік "балаларды улайтын су" туралы хабарламаға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Мессенджерлерде белгісіз бір әйелдің уланған суды ішпеуді сұрағаны жазылған аудиохабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мессенджерлерде белгісіз бір әйелдің уланған суды ішпеуді сұрағаны жазылған аудиохабарлама тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудиожазбада белгісіз әйел вирусологпен сөйлесіп, ол айтқан құпия мәліметті бөлісіп жатқанын айтады.

"Қымбатты туыстарым, сізге бір жаңалық айтқым келеді. Мен вирусологпен сөйлестім. Оның айтуынша, жарты жыл бойы су ішуге болмайды, диспансерлік су болсын, ішуге болмайды! Тек қайнаған су ішіңіздер. Су арқылы олар бәрін және барлығын улайды. Қазір балалар мен жастарды улап жатыр. Тіпті балалар үшін ауруханада бөлмелер дайындап жатыр. Балаларыңызды қорғаңыздар. Үйден шықпасын. Дүйсенбіден бастап бәрін улап жатыр. Маскасыз жүрмеңіздер", - деп келтіреді хабарламада вирусологтың сөздерін.

Денсаулық сақтау министрлігі болса бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті WhatsApp  мессенджеріндегі улайтын су туралы аудиохабарлама бойынша
бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", - деді министрліктегілер.

"Телефон мен теледидарға жақындамаңыздар". Желіде 5G туралы хабарлама тарап жатыр

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети