Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстанда балаларға арналған мүшеқаптың сатылымға шығарылуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, таяуда ақпарат құралдарында елімізде 12 жастан асқан балалардың көбінде сексуалдық тәжірибенің бар екені туралы ақпарат тараған еді. Сондықтан да қарапайым мүшеқаптан диаметрі кіші мүшеқаптардың сұранысқа ие екені хабарланған болатын.
"Қазақстан дәріханаларында жасөспірімдерге арналған мүшеқап сату мәселесі қосымша зерттеу мен талқылауды қажет етеді", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.
Сонымен қатар, министрлік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйене отырып, соңғы жылдары Қазақстан жасөспірімдерінің арасында сифилис ауруына шалдығатындардың саны төмендеп келе жатқанын хабарлады. Сифилиспен ауыратындар саны 18-44 жас аралығындағыларда да көп тіркеледі екен.
Министрліктің мәліметінше, 2015 жылы Қазақстанда түсік жасату 2010 жылға қарағанда шамамен үш есе төмендеген. Репродуктив денсаулықты сақтау мақсатында елімізде 77 жастар денсаулығы орталығы жұмыс істеп жатыр.