17 мамыр 2021 | 09:30

Министрлік батырмасы бар телефон иелерінің сынына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті батырмалы телефон ұстайтын қазақстандықтар вакцинация құжатын қалай алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті батырмалы телефон ұстайтын қазақстандықтар вакцинация құжатын қалай алатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде вакцинация құжатын EGOV мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. Алайда құжатты шығарып алу және оны қағаз түрінде қолдану мәселесі шешіліп жатыр. 

"Бүгінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі басып шығару мүмкіндігі үшін QR-коды бар вакцинация құжаты бойынша жұмыс істеп жатыр. Оны емханада басып шығаруға болады", - деді департамент өкілдері.

Бұл мәселе 2021 жылдың 1 маусымында шешіледі деп жоспарланып отыр. Басып шығарылған құжатты QR-коды бар жағдайда ғана қолдануға рұқсат беріледі. 

Айта кетейік, бұған дейін батырмалы телефон ұстайтын қостанайлықтар вакцинация құжатын ала алмай жүргені хабарланған болатын. Мұндай телефон иелері электрон құжат бар мобильді қосымшаны қолдана алмайтынын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети